Петропавлда қатарластарына балтамен тап берген оқушыға қатысты істі тергеу аяқталды

0
2 348

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған.


Петропавлда қатарластарына балтамен тап берген оқушыға қатысты істі тергеу аяқталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері оқушыларға балтамен тап берген тоғызыншы сынып оқушысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Петропавл мектебінде бұл төтенше жағдай 2023 жылдың ақпан айында болған, деп жазады zakon.kz.

Қылмыстық тергеудің аяқталғаны жөнінде облыстық полиция департаменті patriot_patriot Telegram арнасына хабарлаған:
"Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушыларына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс танысып, сотқа жіберу үшін прокуратураға тапсырылды".

Ведомство бұл істі СҚО ПД Тергеу басқармасы тергегенін нақтылады. Күдікті – тоғызыншы сынып оқушысы уақытша ұстау изоляторында жатыр.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған. Мектеп оқушылары тоғызыншы сынып оқушысын залалсыздандырған. Мектепке балта алып барып, қатарластыра тап берген оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.