Зардап шеккендер бар.
ERNUR.KZ. Петропавлда бес қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, иіс тиіп уланған екі әйел ауруханаға түсті, деп жазады tengrinews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы және 3 арнайы көлігі мен жеке құрамнан 21 адам жетті. Олар бірден іске кірісіп, өрт шыққан ғимараттан тұрғындарды шығарды.
Дәрігерлер зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туылғандар) орташа ауырлық деңгейінде екенін айтады.
Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады.