Петропавлда көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды

0
181

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.


Петропавлда көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала әлі күнге дейін ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы факт бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда, бір аптадан кейін, 25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы жан-жақты зерттеліп, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.