Петропавлда құрылыс алаңында жарақат алған жігіт қайтыс болды

0
314

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.


Петропавлда құрылыс алаңында жарақат алған жігіт қайтыс болды

ERNUR.KZ. Петропавлда құрылыс алаңында жарақат алған жігіт қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол әріптестерімен жергілікті зауыттардың біріне су құбырын тарту үшін қазылған шұңқырды тазалап жүрген кезде үстіне топырақ үйіндісі құлаған. Жедел-жәрдем қызметі жарақат алған адамды ауруханаға жеткізді. Алайда ол операция үстелінде қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның ішкі органдары езіліп кеткен. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Марқұм азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген. Оған сәйкес барлық мәселелер Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес реттеледі дейді мамандар.

«Бұл жерде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғанына байланысты, жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексерілу жұмыстары жүргізілмейді. Бұл шарт бойынша тек қана сот арқылы шешілетін болады», - деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.