Ол оқиға орнында көз жұмды.
ERNUR.KZ. Петропавлда құрылыста жүрген 35 жастағы ер адам қаза тапты. Оның үстіне балшық құлап, басып қалған, деп жазады Inbusiness.kz.
Қайғылы жағдай кеше, 14 қыркүйек күні кешқұрым болды. Құрылыста жұмыс істеп жұрген ер адамның үстіне абайсызда балшық құлаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
"14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", делінген баспасөз хабарламасында.