ERNUR.KZ. Петропавлда дәрігерлер орындықтан құлап, көзіне пышақ тиіп кеткен үш жасар баланы аман алып қала алмады, деп жазады Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2025 жылғы 19 желтоқсанда болған. Осы уақыт бойы бала ауруханада жатқан, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
"Бала реанимацияда қайтыс болды. 2024 жылғы 19 желтоқсанда ол көпсалалы балалар облыстық ауруханасына өте ауыр, агониялық жағдайда, сол жақ көз ойығында жарақатпен түскен", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін баланың анасы ұлының ас үйдегі орындықтан құлап кеткенін айтқан. Ол көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.
Ауруханада нәрестеге дереу реанимациялық шаралар жасалған, олар сәтті өтті. Дәрігерлер оның жүрек-өкпе қызметін қалпына келтірген, бірақ кейін бала комаға түсіп, екі айдан астам уақыт бойы оянбай, сол күйі қайтыс болды.