Петропавлда сот зейнеткерді немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді

0
656

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, К.Т.Е. есімді азамат өткен жылдың бірінші маусымдағы сот бұйрығымен кәмелет жасына толмаған балаларына жалақы мен басқа да табысының 1/3 бөлігін ай сайын төлеуі тиіс болған.


Петропавлда сот зейнеткерді немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді

ERNUR.KZ. Петропавлда сот қала тұрғынын баласының орнына немерелеріне зейнетақысынан алимент төлеуге міндеттеді, деп жазады Sputnik.kz.kz.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, К.Т.Е. есімді азамат өткен жылдың бірінші маусымдағы сот бұйрығымен кәмелет жасына толмаған балаларына жалақы мен басқа да табысының 1/3 бөлігін ай сайын төлеуі тиіс болған. Бірақ ер адам өз міндетін орындамаған, осыған байланысты 3,7 млн теңге мөлшерінде борыш жиналған.
"Неке және отбасы" туралы Кодекстің 152-бабына сәйкес кәмелет жасына толмаған балалар еңбекке жарамды ата-анасы, кәмелет жасына толған бауырларынан көмек ала алмаған жағдайда сот тәртібімен ата-әжесінен алимент ала алады", - деп түсіндірді прокуратурадағылар.
Балалардың анасы борышкердің әкесінен алимент өндіру туралы сотқа арыз түсірген. Петропавл қаласының №2 сотының шешімімен әйелдің талабы қанағатттандырылды.
"Алимент балалардың атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) мөлшерінде өндіріледі", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 101 борышкер бар. Жалпы қарыз мөлшері - 184,3 млн теңге.