Петропавлда судан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

0
544

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер сатып алынды.


Петропавлда судан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келді. Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге судан зардап шеккен отбасыға алынған пәтерге барып, жаңа қоныспен құттықтады, деп жазады inform.kz.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер сатып алынды.

Оның біреуі бұрын Косогорда тұрған Валерий және Людмила Беленконың отбасысына бұйырды.

Айтып өткен жөн, пәтерді адамдар өздері таңдайды.

Баспана бағалау жұмыстары мен комиссияның үйді қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытындысына байланысты беріліп отырмақ.

Министр Светлана Жақыпова Ойқаладағы қалпына келтіру жөніндегі штабта болып, Солнечный 2 ықшам ауданында салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты.

Жаңа жатақханада зардап шеккендермен және «Қызылжар су» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Оған қоса, гуманитарлық көмекті қабылдау пунктінде болып, еріктілермен кездесіп, шығынды өтеу туралы арыздарды Egov mobile қосымшасы арқылы қабылдау алгоритмі туралы түсіндерме жүргізді.