22 жастағы Елизавета Матюхина 3 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен. Полицейлер мен еріктілер қызды төрт ай бойы іздеді.
ERNUR.KZ. Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыздың денесі табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.
Төрт ай бойы қызды полицейлер мен еріктілер іздеді. Жуықта жоғалған қыздың денесі табылды.
"1 тамыз күні шамамен сағат 18:50-де Петропавл полиция басқармасының "102" нөміріне Речпорт ауданындағы тазарту құрылыстарынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды", - деп ақпарат берді полиция басқармасы.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.