Жиырмаға жуық студент оның «ұтымды акция» туралы сөзіне сеніп, қымбат смартфондар алып берген.
ERNUR.KZ. Петропавлда таныстарын алдап, тауарлы несие алдыртқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп жазады 24.kz.
Жиырмаға жуық студент оның «ұтымды акция» туралы сөзіне сеніп, қымбат смартфондар алып берген. Бірақ артынан бәрі де банкке қарыз болып қалған. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.
Сонымен қатар оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
"Барлық арызданушылар оқу орындарының студенттері болып келеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу санкциясы қарастырылуда", - дейді қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жеңісгүл Бейсембина.