Петропавлда жасөспірім арыққа батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

0
626

7 жастағы бүлдіршін арытағы суға аяғын саламын деп құлап, суға бата бастаған.


Петропавлда жасөспірім арыққа батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Петропавлда жасөспірім арыққа батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды, деп жазады stan.kz.

4 шілдеде Петропавлда 7 және 13 жастағы екі бала қаланың 20-шы шағын ауданындағы арықтрың жанында ойнап жүрген. Ата-анасының тыйымына қарамастан, 7 жастағы бүлдіршін арытағы суға аяғын саламын деп құлап, суға бата бастаған. Ағасы інісіне көмектесу үшін суға секіріп, оны жағаға итеріп жіберген, ал өзі арықтың жағалауы сазды болғандықтан өздігінен ол жерден шыға алмай өзі де суға бата бастаған.

Осы кезде 15 жастағы жасөспірім Аслан Гималетдинов велосипедпен өтіп бара жатқан көрінеді. Батып бара жатқан баланы көрген ол көмекке келіпті.

"Мен көмекке шақырған дауысты естідім. Мен біреудің суға батып жатқанын бірден түсіндім. Суға түсіп, балаға қолымды создым, батып бара жатқан бала қолымнан ұстап үлгерді. Жағаға шықтық. Екі бала да есеңгіреп қалған екен. Мені қолымнан келгенше жұбатуға тырыстым", – дейді Аслан.

Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Балаларға қажетті көмек көрсетілді.