​Петропавлда жерасты жылу коллекторында өрт шығып, бір әйел мерт болды

0
101

Екінші әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.


​Петропавлда жерасты жылу коллекторында өрт шығып, бір әйел мерт болды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Назарбаев, 138 мекенжайында орналасқан жерасты жылу коллекторында 6 қазан күні сағат 9.30 шамасында өрт шыққан. Мамандар коллектордан тұрақты мекенжайы жоқ екі әйелді шығарып, жедел жәрдем қызметіне табыстады. Сағат 10.00 шамасында өрт толық сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрт абайсызда шыққан, деп жазады inform.kz.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, күйік алған екі әйел ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Бір тәуліктен 36 жастағы әйел көз жұмды. Екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр.
- Екіншісі 29 жаста, денесінің 60 %-ы күйік шалған. Беті, мойыны, кеуде тұсы, жамбасы, тыныс алу жолдары да күйіп қалған. Түтінге уланған. Қазір жағдайы ауыр, тұрақсыз. Дәрігерлер барлық ем шараларын жүргізіп, оның өмірі үшін күресіп жатыр, - дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.