Петропавлда жолдағы қолайсыздыққа шағымданған көлік жүргізушілері әкімдікті сотқа бермек

0
527

Қала тұрғыны Светлана Вылубкованың айтуынша, көктайғақтың кесірінен қанша көлік апаты болса да әкімдік жағдайды түзеуге асығар емес.


Петропавлда жолдағы қолайсыздыққа шағымданған көлік жүргізушілері әкімдікті сотқа бермек

ERNUR.KZ. Петропавлдағы жүргізушілер жол сапасына байланысты әкімдіктің үстінен шағым түсірмекші. Жолда пайда болған терең ойықтар жол апатының көбеюіне себеп болып отыр, деп жазады stan.kz.

Қала тұрғыны Светлана Вылубкованың айтуынша, көктайғақтың кесірінен қанша көлік апаты болса да әкімдік жағдайды түзеуге асығар емес. 20 жылдық көлік жүргізу тәжірибесі бар Светлана Вылубкова жолдың қолайсыздығынан алғаш рет көлік апатына ұшыраған. Полиция көлік оқиғасының жолды нашар тазалағанның салдарынан болғанын және жүргізушінің еш кінәсі жоғын растады. Светлана секілді тағы 10 жүргізуші қолдағы құжатпен әкімдікке шағым түсірмек.

“Жолдағы мұздың тереңдігі 8 сантиметр. Бұл қалыпты нәрсе ме? Тағы бір көлік тротуарға шығып кеткен. Ал ол жерде Новопавловкадан аялдамаға адамдар жүреді. Сол жерде адам қағып кетсем ше? Жолдағы қолайсыздыққа біреу жауап беру керек шығар? Көбі үкіметпен соттасып пайда таппайтынымызды айтады. Алайда мен соңына дейін барамын. Қажет болса жоғарғы сотқа да, Астанаға да барамын”, – дейді Светлана Вылубкова.

Жолдың дәл осы тұсында Вячеслав Птицын екі баласымен және әйелімен келе жатып апатқа ұшыраған. Көктайғақтан көлік қарсы бағытқа ұшып кеткен. Абырой болғанда бұл кезде қарсы бетте басқа көлік болмапты.

“Сотқа берейік, арыз жазамыз, қалпына келтірсін, ойлансын. Бәрі ақылды екен, жолды тазалауға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алсын. Немесе мердігерді ауыстырсын”, – дейді Вячеслав Птицын.

Қаңтар айында жолдың осы бөлігінде үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам зардап шекті. Алайда жүргізушілердің айтуынша, мұнда күнде көліктер соқтығысатын көрінеді.

“Күн сайын Петропавл қаласының көшелерін қыста күтіп ұстауға және сапасына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жолдар желісінде ойық және басқа да кемшілік анықталғанда хаттама толтырылып, оларды қалыпқа келтіру туралы ұйғарым шығарылады және тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады. Бірақ мұның еш пайдасы жоқ сияқты. Әкімдіктегілердің айтуынша, мердігерлердің жұмысын адал атқарады. Биыл жағдай ауа температурасының өзгеруі мен қар мен жаңбырға байланысты қиындап тұр”, – дейді Петропавл қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Рүстем Тасболатов.

Әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, мәселе жолдағы ойыққа құм себумен шешілмейді.

“Күн жылы болып тұрды да температура -40-қа дейін барды. Мұндай ауа райынан кейін жолда ойықтардың пайда болуы заңдылық. Желтоқсан айынан бастап біздің коммуналдық қызметтеріміз де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жезқазған-Петропавл республикалық тас жолының учаскелерінде де күніне бірнеше жол апаты болады. Салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Қайғылы оқиғадан кейін жолдағы терең ойыққа құм себілді. Бірақ жүргізушілердің айтуынша, бұдан кейін де жол апаты азаймады”, – дейді Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.