Кеше Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы апаттан кейін қараушы-машинист жоғалып кеткенін хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апаттан кейін облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Бүгін таңертең президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылуэлектр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады", - деп жазды БерікУәли.
Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген.