Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ, прокуратура және облыстық ПД басшылығының жеке бақылауына алынды.
ERNUR.KZ. Петропавлда қазандық цехында мұржасы опырылып түсіп, апат орын алған №2 жылу беру орталығы қарайтын «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды, деп жазады Zakon.kz.
2022 жылдың 1 сәуірінде ҚР Қылмыстық процессуальдық кодекстің 128-бабы тәртібі бойынша СҚО ПД қызметкерлері «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры ұсталып, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.СҚО ПД баспасөз қызметі
Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ, прокуратура және облыстық ПД басшылығының жеке бақылауына алынды.
2022 жылы 20 наурызда сағат 19.20-да СҚО ТЖД-ға «СолтҚазЭнерго» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2-нің қазандық цехында мұржа опырылып түсіп, апат орын алды.
Кезекші ауысымды тексеру кезінде қазандық цехындағы құрал-жабдықтарды аралап тексеруші, 1984 жылғы машинист әйелдің жоқ екені анықталды. Кейіннен оның денесі үйінді астынан табылды.
29 наурызда аталған жылу беру орталығында тағы апат орын алды.