​Петропавлдағы сепаратистер қандай жауапқа тартылады?

0
610

Іс Бас прокурордың бақылауында.


​Петропавлдағы сепаратистер қандай жауапқа тартылады?

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжілісте СҚО-дағы сепаратистерге қатысты қандай шара қолданылатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында болған жағдайды білесіздер. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша ведомствоаралық топ құрылды. Бұл қылмыстық істің сапасын көтеру үшін керек. Тиісті процессуалдық прокурорлар іске қосылды, - деп айтты Өмірәлиев.
Оның айтуынша, іс Бас прокурордың бақылауында.
"Қылмыстық іс қолғалғаннан кейін осы топтың мүшелеріне және олардың тұрғылықты жері бойынша тиісті тінту жұмыстары жүргізілді. Дәлел заттар алынды. Атап айтқанда, флешка және тағы басқа заттар. Осы заттар және топ мүшелерінің айтқан сөздері бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Сіздер олардың қандай сөз айтқанын білесіздер. Сараптама Әділет министрлігімен бірлесіп жүргізіледі. Ол 1 ай жүргізіледі. Біз жақын арада осы сараптаманы аламыз. Оның қорытындысы бойынша және әр адамның айтқан сөзі негізінде оларға тағылатын айыптың баптары көрсетіледі", - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.
Айтуынша, айып тағылғаннан кейін жазаны сот тағайындайды. Прокуратураға тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысы жеткілікті негіз берсе, оларға айып тағылып, жауапқа тартылады.
Өмірәлиев әзірше қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.
Бұған дейін «Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Иса Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерген болатын.