​Петропавлдық оқушы жасанды таудың үлгісін жасап шығарды

0
1 794

Экологиялық жобаның қоршаған ортаға тигізер пайдасы өте зор.


​Петропавлдық оқушы жасанды таудың үлгісін жасап шығарды

ERNUR.KZ. Петропавлдық оқушы табиғаттан қуат көзін алатын жасанды таудың үлгісін жасап шығарды, деп жазады 24.kz.

Сәбит Өсербай оны қала ішінен тұрғызуды ұсынып отыр. Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірті бұл шаһардың ажарын ашып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімді. «Экологиялық жобаның қоршаған ортаға тигізер пайдасы өте зор» дейді ол.

Сәбит Өсербай, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Мен таулардың үстіне күн панельдерін қойдым. Және де бұл өзен айналдыратын генератор, сонымен қатар оны тазалайтын фильтр ретінде қолдануға болады. Мысалы, Алматыда немесе Көкшетауда таулар бар. Петропавлға да осындай орын қойғым келді.