Петропавлдың орталығынан ер адамның мәйіті табылды

0
1 224

Тексеру жүргізіліп жатыр.


Петропавлдың орталығынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп жазады Zakon.kz.

"11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға "Адам өлімі" бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген", делінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізіліп жатыр.