Полицей ұшақты жеңді: Қазақстандық әскери әлемдік рекорд орнатты

0
189

Полицей бұл рекордын Қазақстан полициясы күніне арнады.


Полицей ұшақты жеңді: Қазақстандық әскери әлемдік рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Қазақстандық полицей ұшақ тартудан бесінші әлемдік рекорд орнатты, деп жазады baq.kz.

Ұлттық ұлан авиабазасында қазақстандық полицей Бауыржан Камалиев ұшақты орнынан шамамен 10 метрге қозғалтып, рекорд орнатты.

Полицей өз рекордын орнатқаннан кейін әсерін бөлісті. Ол бүгін шамамен 32 тонналық ұшақты қозғалтты.

Әсерімді көрген шығарсыздар. Не белбеу кетеді, не бел кетеді. Қиын болды. Бар шабытымды салдым. Қолымнан келгенше тартып. Бұл бесінші рекордым. Тіркелген тағы 1-2 рекордым бар, - дейді ол.

Бауыржан Камалиев бүгін рекорд орнатуға дайындықсыз келгенін айтты. Бірақ ол күнде жаттығып, шынығатынын жеткізді.

Камалиев бұған дейін 42 тонналық Airbus ұшағын қозғалтып, рекорд орнатқан.

Мен әрдайым тәулігіне 24 сағат бойы елге қызмет етуге дайын тұруым керек. Отаным "Бауыржан борышыңды өтеу керек" десе, мен кез келген уақытта орнымнан тұрып, борышымды атқаруға дайынмын. Елімізге қызмет етейік. Осыдан артық ешқандай қызмет жоқ. Қай салада болмасын, спорт, мәдениет, тіпті ұста болсаң да, даяшы болсаң да елге қызмет ет, - деді полицей.

Полицей бұл рекордын Қазақстан полициясы күніне арнады.