Полицейлердің жемқорлыққа жақындығының бар-жоғы тест арқылы анықталатын болады

0
113

Үміткерлер құқық қорғау қызметіне қабылданар алдында тестілеуден өтетін болады.


Полицейлердің жемқорлыққа жақындығының бар-жоғы тест арқылы анықталатын болады

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Мәжіліс "Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына негізделді.

"Заң жобасында жемқорлық фактілерін болғызбау мақсатында құқық қорғау және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін тестілеуді реттейтін нормалар көзделген. Олардың құқықтары мен міндеттері регламенттеліп, тестілеу тағайындау негіздері және тестілеу нәтижелері бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған. Нәтижесінде қызметінде адал емес қызметкерлер уақытында анықталып, ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға келетін залалдың алдын алу мүмкіндігі туады. Бұл өз кезегінде халықтың осы органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді", – деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева.

Ілеспе заң жобасында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Үміткер құқық қорғау қызметіне қабылданар алдында тестілеуден өтетіні туралы алдын ала жазбаша хабардар етіледі.