Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Ямышев ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторын жұдырықтап, погонын жұлып алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Лебяжі ауданы Ямышев ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторын жұдырықтап, погонын жұлып алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. - Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ризабек Төкебаевқа ауыл тұрғынынан көмекке шақыру туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Дереу оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы үйге мас ер адамның заңсыз басып кіргенін анықтаған, - деді департаментте. Полиция қызметкерінің үйден шығу жөнінде ескерткен талабын елемеген ер адам жұдырық алып жүгірген. Сол сәтте тәртіп сақшысы жауынгерлік күрес тәсілдерін қолданып, тәртіп бұзушыны ауыл тұрғындарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізген. 30 жастағы тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы, 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізілуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынған. Бұл санкция бойынша үш АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе сондай мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған. Сонымен қатар бұл қылмысы үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығына шектеу қойылуы мүмкін.