Польшада ұсталған қазақстандық босатылды: Тоқаев бірнеше елге ризашылығын білдірді

0
89

Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шықты.


Польшада ұсталған қазақстандық босатылды: Тоқаев бірнеше елге ризашылығын білдірді

© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Польшада қамауға алынған қазақстандықтың бостандыққа шығуына мемлекет басшысының үлкен күш салуының арқасында қол жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
Еске салайық, Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шықты.
Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді, деп жазды Айбек Смадияров.
"Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді", - деп жазды Смадияров.
Сонымен қатар Қазақстан президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.
Смадияровтың хабарлауынша, мемлекет басшысы Польша президенті Кароль Навроцкий мен премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдайды.
Айта кетері, бұл іске қатысты толық ақпарат жарияланған жоқ. Тек әскери атташенің ұсталғаны хабарланды.