Таза атом энергиясы болмаса бүкіл экономикамызды жоғалтамыз - Тоқаев.
ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде АЭС салу мүмкіндігі туралы пайымын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Ең жарқын мысал-жақында елдің оңтүстігінде электр қуатын өшірумен байланысты болды. Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз», -деген Мемлекет басшысы елдің энергетикалық қауіпсіздігі проблемасын шұғыл шешу керектігін баса айтты.
«Жауапты адамдардың атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден неліктен қашқақтайтынын түсінбеймін. Турасын айту керек: таза атом энергиясынсыз біз инвестициялар туралы айтпағанда, бүкіл экономикамызды жоғалтып аламыз, өңірлік көшбасшылығымызды жоғалтамыз», -деген Президент мәселенінің мәніне тереңдеп бармайтын, популистердің сөзіне ермеу маңызды екенін еске салды.
«Бізге электр энергиясы қажет, ал атомдық, таза электр энергиясы керек...Атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.