Президент ақын Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

0
564

Бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын.


Президент ақын Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Кеше өмірден өткен Шәмші Қалдаяқовқа Қазақстанның еңбек ері атағы берілгенін білесіздер. Ол ұлт руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлға. Шәмшіні халқымыз қазақ вальсінің королі деп дәріптейді. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге танымал. Жақында Шәмшінің іні досы Мұхтар Шаханов сексен жасқа толады. Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайықты. Ол кісі өте шыншыл адам. Мен Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағын беру туралы жарлыққа қол қойдым. Ұлытаудың төрінде осы марапатты беруді жөн көрдім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында.

Айта кетсек, Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтіп жатыр.

Бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын.