Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Құрманбайұлы Шерубай – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;
«Ел бірлігі» ордені
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;
«Құрмет» ордені
Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі
Данченко Анна Александровна – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы
Манкеева Жамал Айтқалиқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалі
Кузнецов Максим Александрович – «Кустовое негізгі мектебі» КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы
Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы
Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы
Құрманжан Анар – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;
«Шапағат» медалі
Кравчук Евгений Анатольевич – «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы
Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы
Пимичева Анель Витальевна – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы, Қостанай облысы
Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы;


