Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді, деп жазады ERNUR.KZ.
Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.