Мемлекет басшысы былтыр ғана ашылған сән үйіне барды.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы бүгін Көкшетаудағы әйелдер кәсіпкерлігімен де танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Былтыр ғана ашылған сән үйіне барып, тігіншілерге тарту жасады. Президент электронды тігін машинасын сыйға тартты. Сән үйінің жобасын жүзеге асыруға 150 млн теңге жұмсалған. «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекет несие берген. Нысанның бірінші қабатында тігін цехы жұмыс істейді. Ал екінші қабатта ателье қызмет көрсетеді. Айтуларынша, қызметкерлердің орташа жалақысы 86 мың теңге.