Мал ұрлығы үшін де жаза қатаңдатылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы Тwitter желісінде жазды.
«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, Қазақстанда қаннан 0,5 промилле мөлшерінде алкогольді ішімдіктің табылуы жеңіл дәрежедегі мастық саналады.