Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.
Бұған дейін 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.