Президент жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

0
985

Мемлекет басшысы Алматы-Ташкент бағытындағы қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.


Президент жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

ERNUR.KZ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz .

Қордай тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, 11 адам, Өзбекстан азаматтары қаза тапты, жарақат алғандар көп. Туыстарына көңіл айтамын. ӨР Президентіне жеделхат жібердім. Біздің жолдардағы жағдай алаңдатады, бұл туралы ІІМ-де өткен кеңесте айтқанмын. Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым! — Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 20 сәуір 2019 жыл.

20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.