Президентке ТЖ режимін қамтамасыз ету бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі

0
494

ТЖ енгізу кезінде міндетті түрде мемлекеттік комиссия құрылады.


Президентке ТЖ режимін қамтамасыз ету бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстан президентіне төтенше жағдай және әлеуметтік сипаттағы ТЖ режимдерін қамтамасыз ету жөнінде өкілеттік беріледі, деп жазады sputnik.kz.

Парламент құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.
Заң жобасында мынадай түзетулер көзделген:
Президенттің ТЖ және әлеуметтік сипаттағы ТЖ режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі енгізіледі. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою кезінде құқық қорғау және арнаулы органдарды пайдалану, Қарулы күштерді тарту, Қарулы күштердің арнаулы құралдарды, қаруды қолдану және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктері регламенттеледі.
ТЖ енгізу кезінде міндетті түрде мемлекеттік комиссия құрылады. Бұл ретте президент ішкі істер министрін Мемлекеттік комиссияның төрағасы етіп тағайындайды немесе өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін тағайындай алады.
Комендант президентке Қарулы күштерді қолдану туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы болады.
Президенттің кез келген мемлекеттік органның өкілін өз қалауы бойынша жергілікті жердің коменданты етіп тағайындау құқығы енгізіледі. Сондай-ақ әкімдіктердің, ұйымдардың, полицияның аумақтық бөлімшелерінің, ТЖМ, әскери құралымдардың үйлестіруі жөніндегі жергілікті жер комендантының өкілеттігі бекітіледі.
Коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртібі нақтыланады.
Сонымен қатар, заңға сәйкес, конкурстың кезеңдері қысқарып, конкурстан тыс іріктеу бойынша талаптар күшейтіледі. Арнаулы мемлекеттік органдарды және әскери қызметшілерді құқық қорғау органдарына ауыстыру енгізіледі.
Қызметкерлердің жұмысын бағалау, тәртіптік практика және көтермелеу, сондай-ақ мерзімінен бұрын атақтар беру тәртібі ретке келтіріледі. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы индекстеледі (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап). Қаза тапқан не мүгедектік алған қызметкерлердің балалары жоғары оқу орындарында тегін білім алады.
Бұдан бөлек, қару айналымы саласында реттеу жөніндегі талаптар күшейтіледі. Билік өкілдеріне шабуыл жасағаны үшін және заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық күшейтіледі.