Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Ассессмент-орталық» бірінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды.
Ассессмент-орталығына 309 кандидат жіберілді. Бекітілген іріктеу рәсіміне сәйкес, «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогына ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 200 кандидат өтті:
- «Экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша – 28 кандидат;
- «Сыртқы саясат және инвестициялар», «Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты» бағыттарының әрқайсысы бойынша – 32 кандидаттан;
- «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау», «Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам», «Цифрландыру» бағыттарының әрқайсысы бойынша – 36 кандидаттан.
Келесі кезеңге өткен тұлғалардың толық тізімі жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
«Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогы а.ж. 23-28 қыркүйек аралығында онлайн-режимде кәсіби HR-сарапшыларды тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбат форматында өткізіледі. Құзыреттер бойынша сұхбат кандидаттардың ішкі мотивациясын және олардың құндылықтық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталған.
Құзыреттерді бағалаудың екінші блогына өткен барлық кандидаттар 22 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін (Астана қ. уақыты бойынша) өздерінің жеке кабинетінде сұхбаттан өту күнін және уақытын таңдауы қажет.