Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларына анықтамасыз келген қазақстандықтар ПТР талдау тапсыру үшін карантиндік стационарларға жатқызылды.
Коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ Ұлыбритания азаматы Ақтау әуежайынан депортацияланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Facebook парақшасында жазды.
"24 қазанда Ақтау әуежайынан ПТР анықтамасы жоқ Ұлыбритания азаматы депортацияланды.
Сондай-ақ, 24 қазанға қараған түні 9 рейспен 1158 жолаушы келді, оның ішінде 951 адамда анықтама бар және 207 қазақстандықта жоқ болды", - деп жазды Байғабылов.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамасы бар - 385, анықтамасыз - 86;
Алматыда - 4 рейс, 588 жолаушы, анықтамасы бар - 472, анықтамасы жоқ - 116;
Ақтауда - 1 рейс, 99 жолаушы, анықтамасы бар - 94, анықтамасы жоқ - 5.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларына анықтамасыз келген қазақстандықтар ПТР талдау тапсыру үшін карантиндік стационарларға жатқызылды. Ол жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь және Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен келгенін атап өтті.