ПТР-сынамасы теріс қазақстандық "қызыл" статусы үшін салынған айыппұлға шағымданады

0
508

Қыздың айтуынша, Ashyq қосышасы оның мәртебесін қате көрсеткен.


ПТР-сынамасы теріс қазақстандық

ERNUR.KZ. Қазақстандық қызға ПЦР-сынамасы теріс болғанына қарамастан, Ashyq-тағы "қызыл" статусы үшін айыппұл салынған, деп жазады Tengrinews.kz.

Қыздың айтуынша, Ashyq қосышасы оның мәртебесін қате көрсеткен. Ол оқиға туралы әлеуметтік желілерде айтты.

"Құрметті қазақстандықтар, егер сізде Ashyq-та "қызыл" статус болса және ПТР-сынамасы оң болса, онда ақша жұмсап, сынаманы қайта тапсырмай-ақ қойыңыз. ПТР-сынамсы теріс нәтиже көрсетіп тұрса да, Ashyq-та "қызыл" статус өзгермейді. Ashyq-тағы "қызыл" статус үшін маған 87 мың теңге айыппұл келді. Егер оны жеті күн ішінде төлесем, онда 50 пайыз жеңілдік болады. Менің ойымша, мұндай жағдай тек біздің елде ғана болады. Бірақ сонда да абай болыңыздар. ПТР-сынамасы теріс болса Ashyq-тағы статус "жасыл" болу керек. Бұл қосымшадағы ақау", - дейді қыз.

Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті видео авторы екі апталық карантиннен өткенін көрсетпегенін айтты.

"Қызыл" мәртебе егер адам коронавирусқа ПТР-сынама тапсырып, оң нәтиже алса, үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауға жіберіледі. Егер ол 14 күн ішінде қайталаса және нәтижесі теріс болса, үйден оқшаулауды сақтау керек. Үйдегі карантин аяқталғаннан кейін және ПТР-сынамасынң теріс нәтижесінен кейін ғана мәліметтер базасы автоматты түрде жаңартылады. Бұл видеода 14 күндік оқшауланудан толық өткені туралы айтылмайды", - деді Алматы облысы бойынша СЭСБ баспасөз қызметі өкілдері. Ashyq жүйесінде статус уақытша екендігі айтылады. Ал "қызыл" немесе "сары" мәртебесі бар науқаста немесе жақын байланыста болған адамда оқшаулау аяқталғаннан кейін және ПТР-сынамасы теріс нәтиже көресткеннен кейін ол бірден жойылады.