«Пышақ ала жүгіретін»: Алматы облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкеткен

0
407

Ол осыған дейін бұрынғы әйелін азаптаған.


«Пышақ ала жүгіретін»: Алматы облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкеткен

ERNUR.KZ. «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дина Таңсәрі Алматы облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап кеткенін жазып, дабыл қақты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алматы облысында бұрынғы күйеуі әйелді ұрлап әкеткен. Ол байланысқа шықпай жатыр. Туыстары оны таба алмай жүр. Ода, оның туыстары да бірнеше рет полицияға оның үстінен арыз берген. Осыған дейін пышақпен, шанышқымен шабуылдап, ұрып-соғып, азаптаған. Олардың 4 баласы бар», - дейді ол.

Бұрынғы күйеуі оны жұмыстан кейін күтіп, күштеп алып кеткен.

«Әйелдің туыстары Іле ауданының ПД-сына арыз берген. Әйелдің жақындары бұрынғы күйеуіне 6 айға қорғаныс туралы бұйрық берілгенін айтып отыр. Ол оны бұзып отыр. «Немолчи.кз» зорлаушының орналасқан жерін шұғыл түрде анықтауды сұрайды. Алматы облысы полиция департаментінің жауабын күтеміз. ҚР ҚК 110-бабы «азаптау» және 125-бабы «Адам ұрлау» баптары бойынша оны жауапқа тартуды талап етеміз», - дейді Дина Таңсәрі.