“Ql-Trade Kazakhstan” қаржы пирамидасына ақша салғандардан полицияға хабарласу сұралды

0
2 136

Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.


“Ql-Trade Kazakhstan” қаржы пирамидасына ақша салғандардан полицияға хабарласу сұралды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Полиция департаменті “Ql-Trade Kazakhstan” ЖШС салымшыларын полицияға келуге шақырады, деп жазады Polisia.kz.

Қазіргі таңда Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы “Ql-Trade Kazahstan” ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


– 2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен аталған ЖШС-нің 99 салымшысы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды. Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе “102” телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз, – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.