Референдумда 8 млн адам дауыс беріп үлгерді

0
86

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 процентін құрайды.


Референдумда 8 млн адам дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Орталық референдум комиссиясы осы уақытқа дейін дауыс берген азаматардың санын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 029 286 адам дауыс берді.
"Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 процентін құрайды", - деді комиссия мүшесі Әсел Жанәбілова арнайы брифингте.
Үздік төрттікке Ақтөбе (77, 65 процент) Қызылорда (82,02 процент), Абай (69,29) және Қарағанды (72,63 процент) облыстары кіреді. Алматылықтардың белсенділігі төмен. Қалада дауыс бере алатын тұрғындардың 28,16 проценті ғана өз таңдауын жасады. Ал бұл көрсеткіш Астанада – 47,76%, Шымкентте – 72,61%.
Айта кетері, дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың нақты саны 12 461 796 адамды құрайды.