Заң бұзған азамат еліміздің аумағына кіруге тиым салынғандар тізімінде болып шықты.
ERNUR.KZ. Қостанай шекара отрядына қарасты "Обаған" заставасының аумағында Шекарашылар Ресейден келген шекара бұзушыны ұстады, деп жазады Zakon.kz.
"Өткен түнде, сағат 22.30-дар шамасында "Обаған" шекара заставасында "Радиотосқауыл" кешені дабыл берді. Бұл ел аумағына "шақырылмаған қонақ" келгендігін білдіреді. Дабыл тобы шұғыл түрде шекара сызығына қарай аттанып, Ресейден біздің еліміздің аумағына кірген бір жаяу адамның ізін тапты. Түнде көретін, жылу сезетін, т.б. арнайы құралдар көмегімен, сағат 23.15-те 1989 жылы туған Ресей азаматы ұсталды", - деліген хабарламады.
Айта кеткен жөн, екі күн бұрын бұл азамат Қазақстан аумағына кіруге тиым салынғандар тізімінде болғандықтан "Ақбалшық-авто" өткізу бөлімшесінен елімізге кіргізілмей, кері қайтарылған болатын.
Құқық қорғау органдары және Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметінің Қорған, Түмен шекара аумақтары бойынша жедел кезекшісіне хабарланды.