Ресейде ұсталған қазақстандықтар Украинадағы соғысқа бармайды – Смадияров

0
326

СІМ Ресейде ұсталған отандастардың туыстарымен байланыста.


Ресейде ұсталған қазақстандықтар Украинадағы соғысқа бармайды – Смадияров

ERNUR.KZ. Ресейде есірткі тасымалы үшін ұсталған Қазақстан азаматтары Украинадағы соғысқа бармайды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айтуынша, Қазақстанның бес-алты азаматы Telegram-арналардан есірткі тасымалдауға қатысты жұмыс тауып, өз еркімен Ресейге барып, сондай «бизнеспен» айналысқан. Оларды Ресейдің құқық қорғау органдары қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Ең қызығы бір-екі журналист шу көтеріп, оларды Украинадағы соғысқа алып кетейін деп жатыр деп ушықтырып жатыр. Ондай жағдай жоқ. Біздің бірде бір азаматымыз Украинадағы соғысқа бармаған, бармайды да. Сондықтан бұл мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Ал тергеуде отырған азаматтардың туыстарымен біз байланыстамыз», - деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.

Ол Ресейде елу-алпыс емес, бес-алты азамат ұсталғанын нақтылады.