Ресейден Қазақстанға ақша аударымдары 7 есе өскен

0
672

Былтыр халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақшалай аударымдарың жиынтық көлемі 1,8 трлн теңгені құрады.


Ресейден Қазақстанға ақша аударымдары 7 есе өскен

ERNUR.KZ. Былтыр халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақшалай аударымдардың жиынтық көлемі күрт өсті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство дерегінше, былтыр халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақшалай аударымдарың жиынтық көлемі 1,8 трлн теңгені құрады. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7%-ға өскен.

Операциялардың негізгі үлесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі – 94,7%. 2022 жылы шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы іс жүзінде бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге болған.

«Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі айтарлықтай (2,4 есе) өскені байқалады. 2022 жылы ХААЖ арқылы ақша аударымдарының көбеюі Ресейден (өсім 6,8 есе), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есе) және АҚШ-тан (өсім 33%-ға) орындалған ақша аударымдары көлемінің өсуімен байланысты болды», - дейді мамандар.

2022 жылы Қазақстандағы ақша аударымдары көлемінің де 34,6%-ға өскені белгілі болды. ХААЖ арқылы бір ғана жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңгені құрап, 2021 жылғы 58,0% көрсеткіштен асты.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 49,2 млрд теңге жіберілген. Бұл 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 25,4 млрд теңгеге немесе 34,1% аз.