Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды

0
546

Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді.


Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында өткен аптадағы жағдай қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын қамтиды. Қайта өңдеуді есепке алғанда, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн гектарға жетті.
Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатыр.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, шегірткенің ұшу-келу қаупі жоқ.
"Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткенің таралуы анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресеймен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен", — деп түйіндеді сөзін вице-министр.
Шегіртке таралуы ықтимал аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жұмыстары жалғасады.