Кеше Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғу қаупіне байланысты сағат 17:00 бастап облыстық жолдарда барлық бағыт бойынша жол жабылған еді.
ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған барлық жол көлік қозғалысы үшін ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс барлық бағыттар бойынша ашық», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғу қаупіне байланысты сағат 17:00 бастап облыстық жолдарда барлық бағыт бойынша жол жабылды. Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.
Сонымен қатар 20 қаңтар сағат 21:00 бастап ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Мұнан бөлек, кеше сағат 21-15-те Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының 25-39 шақырымында, Алматы қаласымен Әли кенті аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған еді.