Заитовтың өзі әзірге үнсіз. Youtube арнасындағы барлық видеосын өшірген.
ERNUR.KZ. Жүрсін Ерман Ринат Зайытовты айтыс тізімінен алып тастағаны айтты. 16 маусымда Тарбағатайда өтетін айтысқа Ринат қатыспайды. "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың дәл қазір қайда екенінен бейхабар екенін айтты, деп жазады qamshy.kz.
"Ринаттың қазір қайда екенін білмеймін. Туған жері Аягөзге кетіп қалған секілді. Ол 16 маусым күнгі Тарбағатайда өтетін айтысқа қатысуы керек болған, алайда соңғы кездегі жағдайға байланысты Ринатты айтыс тізімінен алып тастады. Айтысты ұйымдастырушылар "Ринатты алып келме" деп отыр",", - деді Жүрсін Ерман.
Айта кетейік, бұған дейін алаңға шыққан Ринатты полицейлер ұстап әкеткен еді. Ринат сайлауда Әміржан Қосановты қолдауға шақырғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Кейін өзін полицейлердің босатқанын айтып видео жариялады.
10 маусымнан бері Ринат Заитовты іздеген халық көп. Заитовтың өзі бірақ әлі үнсіз. Youtube арнасындағы барлық видеосын өшірген.