Роман Скляр Петропавл маңындағы тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды

0
413

Тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» деген.


Роман Скляр Петропавл маңындағы тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды

Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» деген.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.

«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет» - деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты.

Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты.