Рулі оң жақтағы көліктерді қалааралық бағыттарда пайдалануға тыйым салына ма – министр жауап берді

0
79

Жол қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті.


Рулі оң жақтағы көліктерді қалааралық бағыттарда пайдалануға тыйым салына ма – министр жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте рулі оң жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Министр Қазақстанда бұл көліктерді елге әкелуге тыйым салынғанын еске салды.

"Жол қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Бұл мәселені тек Өнеркәсіп министрлігі ғана емес, Ішкі істер министрлігі де көтеріп отыр. 2007 жылдан бастап Қазақстанға оң жақ рулді автокөліктерді әкелуге тыйым салынған. Сондықтан бұл жерде тек бақылау қажет – көлік әкелуге тыйым бар", – деді Нағаспаев.

Министрден ведомство қалааралық жолаушылар тасымалында мұндай көліктерді пайдалануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр ма деген сұрақ қойылды.
"Бұл сұрақты жол қауіпсіздігімен айналысатын Ішкі істер министрлігіне қою керек. Біз автомобиль саласына жауапты мемлекеттік орган ретінде өз тарапымыздан қажетті шараларды қабылдадық: автокөліктерді әкелуге және оларды Қазақстан аумағында пайдалануға қатысты барлық қажетті шектеулер енгізілді. Ендігі мәселе – тиісті органдардың бақылауында", – деп толықтырды министр.