Ол садақты өзі сатып алғанын және қазір жаттығып жүргенін айтты.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Желіде нысанаға садақты бірден дәл тигізген әженің видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Видеодағы әжейдің есімі – Ләззат. Ол 64 жаста, жолдасымен бірге Түркістанда шағын қонақүйді басқарады. Оның айтуынша, балалық шағында жиі садақ атқан, бірақ ол тек ойын болған, нағыз жаттығу емес.
"Садақты қайта қолға алғаныма шамамен бір ай болды. Бұл видеоны немерем түсірді. Екі ересек балам бар: ұлым мен қызым, олардың өз отбасылары бар. Жолдасым екеуміз шағын қонақүйді басқарамыз, бізге шетелден – АҚШ пен Еуропадан жиі саяхатшылар келеді. Оларға Түркістан мен біздің мәдениетіміз қызық", – дейді ол.
"Видеоны осыншалықты көп адам көріп, қызығушылық танытады деп күтпедім. Әзірге бұл тек хобби. Бірақ, әрине, жарыстарға қатысқым келеді. Болашақта бұл мүмкін болады деп үміттенемін", – деп қосты ол.