Сағынтаев цифрландыруды жүзеге асырудағы олқылықтарды атады

0
1 078

Бір келісіп жасалып отырған жұмыстың деңгейі нақты көрінбейді, яғни бұл жерде бізге цифрландырудың беретін әсерін бағалау қажет және оған мониторинг жүргізу керек.


Сағынтаев цифрландыруды жүзеге асырудағы олқылықтарды атады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында әріптестеріне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады BAQ.KZ

«Бұл мемлекеттік бағдарлама Мемлекет басшысының назарында екенін жақсы білесіздер. Аса маңызды міндеттер қойып отыр. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қосылған құнды өсіруді, сондай-ақ экономикадағы шығындарды қысқартуды көздейтін елеулі экономикалық әсері тиді. Елбасы баяндаманы тыңдаған кезде осы бағыттарға баса назар аударып отыр. Бағдарламаны қабылдағалы бері бір жыл уақыт өтті. Бүгінгі баяндамалардан оң динамиканы көріп отырмыз. Біраз заңнамалық база жетілдіріліп және өндірісте, бизнесте, мемлекеттік басқару деңгейінің оңтайлы тәсілдері әзірленіп, енгізіліп жатыр», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр цифрландыру саласында бірқатар мәселе барын айтты.

«Біздің мемлекеттік органдар және жергілікті жердегі басқару органдарының өзара байланыстары жоқ, әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір келісіп жасалып отырған жұмыстың деңгейі нақты көрінбейді, яғни бұл жерде бізге цифрландырудың беретін әсерін бағалау қажет және оған мониторинг жүргізу керек. Осы мониторинг жүргізудің негізгі әдістемесі жоқ. Әр басқару органы өз түсінігі бойынша есептеуді жалғастыруда», - деді Бақытжан Сағынтаев әріптестеріне.

Ол қандай да бір салада цифрландырудың әлеуетін белгілеуге тиісті шаралар жүргізу қажет екенін, осы шаралардың барлығын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүйеге келтіріп, бірден-бір қозғаушы күш ретінде жұмыс жасауы қажет екенін айтты.

«Цифрлық технологияларды қолдану бойынша талап ететін қажетті нормалар әлі толық жасалып бітпеген. Дәурен Әскербекұлы (Абаев – автор), IT қауымдастықпен бірлесе отырып, осы жұмысты тездетіп бітіруге тапсырма беремін», - деді Бақытжан Сағынтаев.