"Сөзіңізді әдемі аяқтадыңыз" , - деді Бақытжан Сағынтаев.
ERNUR.KZ. Энергетика минситрі үкімет отырыс кезінде елімізде жылыту мауысымы қалай өтіп жатқаны жөнінде есеп берді, деп жазады NUR.KZ.
Министр қысқа түрде, тек қана жақсы көрсеткіштерге тоқталып кетті.
"Әкімдіктер сұранысы бойынша, Энергетика министрлігімен әлеуметтік маңызы бар объектілерге 312 мың тонна мазут дайындау кестесі тіркелген болатын. Қазан-қараша айларында кесте 86 пайызға орындалды" , - деді Бозымбаев.
Оған қоса, сегіз энергетикалық блок, 52 арнайы қазандар, 44 турбина мен электр тасымалдаушы 28 мың линия жөндеуден өтті. Бозымбаевтың мәлімдеуінше, күні кеше 24-ші желтоқсан күні электрлік жүктеме 99 пайызды көрсеткен.
Энергетика министрі бұл соңғы жылдардағы рекорд екенін атап өтті. Бозымбаев мұндай жетістіктер өндірістік тұтынудың даму жылдамдығын үлкейте түсетінін айтты.
Министрлік басшысы жылыту мауысымы штаттық режимде өтіп жатқанын мәлімдеді. Тұтынушылар жылу және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген.
"Біз қазақстандықтардың жаңа жылды жақсы қарсы алғанын қалаймыз. Сол себепті өз жұмысымызды іске асырамыз. Меніңше, халық үкіметтің істеген жұмысы мен жылуын сезеді деген үміттемін" , - деп сөзін аяқтады Бозымбаев.
Премьер-министр өз кезегінде, оның есеп беруіне қатысты пікір білдірді.
"Сөзіңізді әдемі аяқтадыңыз" , - деді Бақытжан Сағынтаев.