Гүлмира Кәрімова биыл 27 қаңтарда көз жұмған еді.
ERNUR.KZ. Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады exk.kz.
Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеровтың айтуынша, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлімі" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр.
"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", деді ол.
Еске сала кетсек, Гүлмира Кәрімова биыл 27 қаңтарда көз жұмған еді. Депутат қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Анафилактикалық шок — дененің бір екпеге немесе тамаққа аллергиясы.