Сайлау кезінде құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік кодексте 26 бап көзделген.
ERNUR.KZ. Кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Сайлау кезінде құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік кодексте 26 бап көзделген.
Бұдан бөлек былтыр қарашада енгізілген түзетулерге сәйкес үміткердің немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялаған үшін БАҚ-пен бірге онлайн-платформаларды пайдаланушылар да жауапқа тартылады.